Сіздермен көлік картаңыздың теңгерімін қашықтықтан толтыруға болатын екінші деңгейлі банктердің тізімімен бөлісейік:
⠀
▪️Jysan bank;
▪️АТФ Банк;
▪️Eurasian Bank;
▪️KaspiBank;
▪️ForteBank;
▪️Capital Bank;
▪️Банк ЦентрКредит;
▪️NURBANK;
▪️СБЕРБАНК;
▪️Альфа Банк;
▪️Halyk Bank.
⠀
Осы банктердің мобильді қосымшаларын жүктеп, теңгерімді онлайн режимінде толтырыңыз.
⠀
Еске сала кетейік, картаны қашықтан толықтырған кезде, төлемді өңдеу 24 сағатты құрайды. Содан кейін оны 15 күн ішінде міндетті түрде белсендіру керек.
Егер төлемді белсендіріп үлгермесеңіз, онда ол автоматты түрде жүйемен бұғатталады. Сіз оны iKomek 109 бірыңғай байланыс орталығына қоңырау шалу арқылы немесе Р. Қошқарбаев даңғылы, 50/1 мекенжайындағы Орталық кассаға жүгіну арқылы қалпына келтіре аласыз.