Жол жүру тарифін қалай сатып алуға болады?
«Айлық жол жүру» және «Тәуліктік жол жүру» тарифтерін сатып алу оңай! Төмендегі тәсілдерді қолдана аласыздар:
Kaspi.kz банктік қосымшасы
Сатып алғаннан кейін тарифті белсендіру қажет: көлік картасын автобустағы валидаторға 2-3 секунд тигігіп ұстаңыз.
Назар аударыңыз: тарифті белсендіру және жол жүру үшін төлем бір уақытта жүзеге асырылады. 30 күн ішінде белсендірілмеген тарифтер бұғатталады. Қалпына келтіру үшін CTS кассасына немесе iKomek байланыс орталығына (109) хабарласыңыз.
«Айлық жол жүру» бойынша маңызды мәлімет:
Егер тариф 16-күннен бастап келесі айдың 15-күніне дейін сатып алынса – айдың 1-күннен бастап айдың соңына дейін жарамды.
Егер тариф осы айдың 1-15 аралығында сатып алынса – сатып алынған күннен бастап сол айдың соңына дейін жарамды.
CTS арнайы кассалары:
Р. Қошқарбаев даңғылы, 50/1
Гёте көшесі, 5 («Сапаржай» автовокзалы)
Бұл жерде төлемді активациялаудың қажеті жоқ.