27.10.2022

Көлік кешенін цифрландыру мәселелері жөніндегі кеңес

Көлік кешенін цифрландыру мәселелері жөніндегі кеңес

Бүгін CTS кеңсесінде «City Transportation Systems» ЖШС Басқарма төрағасы Ғани Тәжиевтің және Астана қаласының цифрландыру және мемлекеттік қызмет басқармасы, «Astana Innovations» АҚ және «Astana» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ басшылығының қатысуымен бірлескен кеңес өтті.

Кеңес барысында CTS компаниясының Астана қаласының цифрландыру және мемлекеттік қызмет басқармасымен, «Astana Innovations» АҚ-мен және «Astana» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ-мен ынтымақтастығының ықтимал бағыттары талқыланды.

Сондай-ақ, бірлескен жобаларды іске асыру, оның ішінде елорданың көлік кешенін цифрландыруды дамыту мәселелері талқыланды.

Кеңес нәтижелері бойынша тараптардың барлық ұсыныстары пысықталып, ынтымақтастықтың перспективалы бағыттары таңдалатын болады.


Тізімге оралу

KZ  RU