15.08.2023

Көліктеріңізді аялдамаларда қалдырмаңыздар!

Құрметті қала тұрғындары мен көлік иелері!

Көліктеріңізді қоғамдық көліктің қозғалысы мен тоқтауына арналған "Әзірет Сұлтан мешіті" аялдамасы жолының жүріс бөлігінің учаскесінде қалдырмаңыздар.

Жолдың осы учаскесінде көлік құралдарын тоқтатуға тыйым салатын жол белгісі орнатылған және бүгіннен бастап аталған аялдама ауданы жол полициясы органдарының күшейтілген бақылауына алынып, тәулік бойы "Сергек" техникалық құралдарымен бақыланады. Жол қозғалысы ережелерін бұзған автокөлік иелеріне шаралар қабылданады, яғни көлік құралдарын айыппұл тұрағына қою, айыппұлдар салу. Бұл талап тауарлар мен өнімдерді түсіруді жүзеге асыратын сауда нүктелерінің иелеріне де қатысты.

Білу маңызды! Көліктеріңізді қоғамдық көліктің қозғалысы мен тоқтауына арналған аялдама алаңдарында қалдыру арқылы сіз қалалық автобустардың қозғалысына елеулі кедергілер жасайсыз. Олар аялдамаға кіре алмайды және жолаушыларды қауіпсіз отырғызып, түсіре алмайды.

Тізімге оралу

KZ  RU