Жолаушылар тасымалының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында CTS Көліктік бақылау департаменті қызметкерлері тұрақты негізде тасымалдаушылардың жұмысын және қоғамдық көліктің техникалық жай-күйін бақылауды жүзеге асырады.
Автобус парктеріне кезекті тексеру барысында автобустардың желіге шығуға дайындығына назар аударылды.
Жүргізушілер құрамына жол қозғалысы қауіпсіздігі мәселелері бойынша нұсқама өткізілді:
- жылдамдық режимін мен қауіпсіз арақашықтықты сақтау;
- жолаушыларды тек белгіленген орындарда отырғызу және түсіру;
- автобус жүргізу кезінде ұялы телефонды пайдаланбау.
Сонымен қатар автобустардың санитарлық және техникалық жай-күйі, өрт сөндіргіштердің, дәрі қобдишаларының және басқа да қажетті құралдардың болуы мен жарамдылығы тексерілді.