20.01.2023

Көліктік бақылау департаментінде қоғамдық көліктегі қауіпсіздік мәселелері бойынша жұмыс кеңесі өтті

Көлік бақылау департаменті Астана қаласы ПД Әкімшілік полиция басқармасының, Астана қаласы Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының қызметкерлерінің, сондай-ақ Астана қаласы автобус парктерінің қозғалыс қауіпсіздігі инженерлерінің қатысуымен бірлескен жұмыс кеңесін өткізді.

Кеңес барысында 2022 жыл ішінде қоғамдық көлік жүргізушілерінің ЖЖЕ бұзуларын және жол-көлік оқиғаларын талдау және оның рейтингі таныстырылды, авариялық жағдайы жоғары бағдарлық желі учаскелері, сондай-ақ периметрі бойынша тұрақта тұрған автомобильдердің салдарынан соңғы аялдамаларда бағдарлық көлік құралдарының бұрылуы үшін кедергілер туындайтын проблемалық орындар қаралды.

Сонымен қатар, БКҚ салонында орнатылған бейнекамераларды техникалық-жарамды күйде ұстау мәселесі қаралды.
Кеңес қорытындысы бойынша автобус аялдамаларындағы қазіргі жағдайды шешу жөнінде проблемалық учаскелерді жол белгілерінің орнатылуына тексеру үшін мүдделі органдармен бірлесіп шығуды жүзеге асыру туралы шешім қабылданды.


Тізімге оралу

KZ  RU