31.01.2025

Көліктік бақылау департаментінің Бақылау-желілік кызметі қызметкерлерімен жұмыс кеңесі

CTS Көліктік бақылау департаментінің желілік бағыттағы қызметкерлері мен Астана қ. автобус парктерінің бақылау-желілік қызметінің қатысуымен жұмыс кеңесі өтті.

- Жол жүру ақысын бақылау бойынша өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды.
- 2024 жылдың қорытындылары шығарылып, алдағы жоспарлар белгіленді.
- 2024 ж. 350-ден астам КБД мен БЖҚ қызметкерлері CTS Көлік мамандарының біліктілігін арттыру орталығында жұмыс тиімділігін арттыру бойынша семинар-тренингтен өткені аталды.

Кеңес қорытындысы бойынша КБД мен БЖК бірлескен жұмысы оң нәтиже беріп, елордада автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау бойынша көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыратыны атап өтілді.

Үздік қызметкерлер алғыс хаттармен марапатталды.


Тізімге оралу

KZ  RU