24.08.2020

КБД қызметкерлері CTS Біліктілік орталығында оқудан өтті

КБД қызметкерлері CTS Біліктілік орталығында оқудан өтті

Көліктік бақылау департаментінің қызметкерлері CTS Біліктілік орталығында оқудан өтті.
Оқыту барысында КБД қызметкерлерінің және жолаушылардың құқықтары мен міндеттері қарастырылды.
Соның ішінде автомобиль көлігі қызметкерлерінің мәдениеті, этикасы мен беделіне ерекше көңіл бөлінеді. Оқыту бағдарламасы «Жол қозғалысы туралы» Заңы, жол ақысын төлеудің электронды жүйесі, ерекше қажеттіліктері бар тұлғаларға және тұрғындардың қозғалысы шектеулі топтарына қызмет көрсету және т.б. мәселелерді қамтиды.

Көліктік бақылау департаментінің қызметкерлері Орталықта тұрақты түрде оқудан өтеді. Бұл жолы 10 маман біліктілігін жоғарлатты.


Тізімге оралу

KZ  RU