01.09.2023

Көліктік бақылау департаментінің қызметкерлері мектептер мен аялдамаларда көліктегі тәртіп ережелері жазылған жадынаманы балалар мен ата-аналарға таратып берді

«Автобусқа тек алдыңғы есік арқылы кір», «Автобуста тұтқалардан қатты ұстап тұр. Құлап қалма!», «Автобусты аялдамада күт» осы және қоғамдық көліктегі басқа да тәртіп ережелері жазылған жадынаманы бүгін Көліктік бақылау департаментінің қызметкерлері мектептер мен аялдамаларда балалар мен ата-аналарға таратып берді.

Сондай-ақ, қызметкерлеріміз жолдағы қауіпсіздік пен қоғамдық көліктегі тәртіп ережелерін таныстыруға және еске салуға бағытталған түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Мақсатымыз, кішкентай жолаушыларымызды қоғамдық көлікте қауіпсіз және еркін жүруге үйрету. Аталған іс-шара бір ай бойы жалғасады.

Балалардың суреттері ата-аналарының рұқсатымен салынды.


Тізімге оралу

KZ  RU