Күн тәртібінде жол қозғалысы ережелерін жүйелі түрде бұзатын, сондай-ақ екі және одан да көп рет жол қозғалысы ережелерін сақтамаған жүргізушілер және жолаушылар тарапынан жүйелі түрде шағым түсетін жүргізушілер болды.
⠀
Мәселен, былтыр 10-нан астам заң бұзушылық жасаған жүргізушінің жұмыс істеп жүргені анықталды.
⠀
Кеңес барысында әрбір жағдай жеке қаралып қана қоймай, сондай-ақ осындай жүргізушілерге қатысты тиісті шара қабылдау - CTS біліктілік орталығына қайта оқуға жіберу мәселелері талқыланды.