11.04.2023

Көліктік картасының теңгерімін қалай тексеруге болады

Бүгін көлік картасындағы теңгерімді тексеру әдістері туралы айтатын боламыз.

Картаның теңгерімін келесі тәсілдермен тексеруге болады:

Автобустағы валидаторда:
1. Валидатордағы төменгі оң жақ батырманы (і) басу – «Ақпарат». Дисплей экранында келесі әрекеттер туралы мәтіндік ақпарат көрсетіледі.
2. Картаны валидаторға басу. Экранда теңгерім туралы ақпарат көрсетіледі.

RTVM-автоматта:
- картаны RTVM-автоматтың «V» тәрізді есептегішіне басу. Экранда көлік картасындағы тарифтер мен теңгерім туралы ақпарат көрсетіледі.

«CTS»/ «Transcard.kz» сайтында, мобильді қосымшасында:
- Теңгерімді тексеру тарауына өту
- Көлік картасының он таңбалы сандық кодын енгізіп, «табу» батырмасын басу.

Теңгерім деректері автобустағы соңғы валидация күні мен уақытына беріледі

Мамандандырылған кассаларда немесе орталық кассада:
- Картаны кассирге беру қажет.

Тізімге оралу

KZ  RU