Егер сіз көлік картасының теңгерімін кассаларда, RTVM-автоматтарда немесе лезде толтыру орындарында толықтырсаңыз, онда төлемді белсендіру қажет емес. Төлем картада мерзімсіз сақталады.
Төлемдер қашықтан (Transcard, Kaspi.kz, ЕДБ) немесе басқа төлем терминалдары арқылы (QIWI, Касса24 және т.б.) жасалған жағдайда 15 күн ішінде белсендірілуі тиіс. Төлем белсендірілгеннен кейін картада мерзімсіз сақталады.
Егер өз төлеміңізді картаға аударып үлгермесеңіз, сіз 109 қызметіне немесе бізге жаза аласыз. Біз сіздің картаңызға ақшаны қайта аударамыз.
5 күннің ішінде төлем картаңызға түседі. Кейін 15 күннің ішінде төлемді тағы да белсендіру қажет.
Біркүндік және айлық жол жүрулерден басқа, барлық белсендірілген төлемдер мерзімсіз.