Көліктік бақылау департаментінің қызметкерлері №4 және №6 автобус парктерінің бақылау-желілік қызметінің қызметкерлерімен бірлескен тексеру жұмыстарын жүргізді.
Тексеру осы автобус парктеріне тиесілі 14 бағдарда өткізілді.
Тексеру барысында жолаушылардың жол жүру ақысын төлеуі тексерілді, көлік карталарының жеңілдетілген санаттары бар жолаушылар мен оқушыларға көлік карталарын міндетті түрде валидациялау қажеттілігі туралы түсіндірілді.
Бұндай іс-шаралар желілік қызметкерлердің кәсібиліктерін арттыруға және қоғамдық көлікте тексеру жұмыстарын жүргізу бойынша тәжірибе алмасуға ықпал етеді.