01.12.2022

Халықаралық мүгедектер күні қарсаңындағы бірлескен кездесу

Естеріңізге сала кетейік, 1992 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы 3 желтоқсан күнін «Халықаралық мүгедектер күні» деп жариялаған болатын. Бұл қадам барлық мемлекеттердің денсаулық жағдайы ерекше адамдар үшін лайықты өмір сүру жағдайларын жасау үшін жауапкершілігін атап өтуге арналған еді.

Оқиға қарсаңында «CTS» ЖШС кеңсесінде қоғамдық көлікте мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға қызмет көрсету сапасын арттыру мәселелері бойынша кеңес өтті.

Іс-шараға «ELAMAN» қоғамдық қорының өкілі, «Сарыарқа» ауданы әкімінің инклюзия жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі Ж. Кабдулла, «АСТ Астана әлеуметтік технологиялар» қоғамдық бірлестігінің өкілдері Н.Сыздықов, А. Бақақов, «ДОС» тәуелсіз өмір орталығы» ҚБ өкілдері А. Оторбаев, Д. Раушанбеков, Ә.Әбдірахманова, «Орда» ҚБ С. Есмағанбетова, К. Жүнісбекова, Л.Жарылғапова, Ә. Төлебаева, С.Жұманқұлова, «Астана қ. мүгедек балалар қоғамы» басшысының орынбасары Д. Қоршаева, «ЖасНұр саңыраулар қауымдастығы» ҚБ өкілі М.Еркін, «Есіл» ауданы әкімінің инклюзия жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі Ж.Қасенова, «Ghost Inc.Pro мүмкіндігі шектеулі адамдарды IT технологияға оқыту ұйымдары» өкілі Т.Таржанов, сондай-ақ «Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы» ММ өкілі М. Есеркепов, «Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы» ММ өкілі Е. Джусупов және Астана қаласы автобус парктерінің өкілдері қатысты.

«CTS» ЖШС Басқарма төрағасы Ғ. Тәжиев өзінің құттықтау сөзінде барлық қатысушыларға алғысын білдіріп, әлемді неғұрлым қолжетімді әрі әділ ету үшін азаматтардың қозғалысы шектеулі санаттарымен бірлесіп, олар үшін инновациялық шешімдер табу аса маңызды екенін атап өтті.

Күн тәртібінде қаралған негізгі мәселелер – қалалық қоғамдық көлікте денсаулық жағдайы ерекше адамдарға көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігі мен сапасы.

Кеңес қорытындылары бойынша, азаматтардың қозғалысы шектеулі санаттары қоғамдарының белсенділеріне тұрақты негізде өтетін қоғамдық көліктің жүргізушілер құрамын оқытуға белсенді қатысқаны және көмектескені үшін алғыс хаттар табысталды.


Тізімге оралу

KZ  RU