Құрметті Астана қаласының тұрғындары мен қонақтары!
LRT жобасының №105 станциясында топырақты қайта көму жұмыстарына байланысты Қабанбай батыр даңғылының бір жолағының уақытша жабылу мерзімі ұзартылды. Қозғалыс шектеуі «Астана Жұлдызы» аялдамасынан Хусейн бен Талал көшесіне қарай 100 метр қашықтықта 2025 жылдың қаңтар айының соңына дейін сақталады.
Уақытша қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз және түсіністік танытқандарыңызға алғыс білдіреміз!