11.10.2024

LRT: бағдарлардың қозғалыс сызбасы уақытша өзгереді

Құрметті елорда тұрғындары мен қонақтары!

12 қазанда сағат 08:00-16:00 дейін және 13 қазанда сағат 08:00-12:00 дейін №№ 21, 32, 50 бағдарлардың қозғалыс сызбасы уақытша өзгереді. Өйткені, LRT құрылысы бойынша жұмыстар жүргізуге байланысты Сығанақ көшесінің Достық көшесіне оң жақ съезінде қозғалыс жабылады.

13 қазанда сағат 02:00-ден 09:00-ге дейін Мәңгілік ел даңғылы бойымен Сығанақ көшесімен қиылысында, екі бағытта қозғалыс жабылады. Сондықтан, №№ 12, 15, 15 А, 18, 19, 21, 32, 35, 43, 46, 50, 55 А, 55 Б, 61, 70 бағдарлардың қозғалыс сызбасы уақытша өзгереді

Сапарларыңызды жоспарлау кезінде осы ақпаратты ескеруді сұраймыз.


Тізімге оралу

KZ  RU