01.01.1970

LRT пойыздарының операторлары Қытайда оқып жатыр

LRT прйыздарының 29 операторы дайындықтың екінші кезеңінен Қытайдың Тяньцзинь қаласында өтуде. Оқу бағдарламасы үш негізгі модульден тұрады: тереңдетілген теориялық курс, төтенше жағдайларды симуляторда модельдеу және жылжымалы құрамда практикалық сабақтар.

Бірінші кезең – базалық теориялық дайындық Астана қаласында өтті. Қазір Тяньцзиньде оқыту жалғасуда: тыңдаушылар тереңдетілген теорияны меңгеріп, тәжірибеден өтіп жатыр. Келесі кезең – Астанадағы тағылымдама және LRT пойыздарымен тікелей жұмысқа кірісу.

Бағдарламаның басты мақсаты – құрамдарды қауіпсіз, тиімді және өз бетінше басқаруға, қызмет көрсетуге және қажет жағдайда LRT жүйесіндегі техникалық ақауларды жоюға қабілетті білікті мамандарды дайындау.

Алдыңғы кезеңдерде Астанадағы теориялық курстарды Тяньцзинь метрополитені мен Чжэнчжоу теміржол кәсіби-техникалық институтының оқытушылары жүргізді. Қазіргі уақытта Тяньцзинь қаласында оқытуды Тяньцзинь метрополитенінің тәжірибелі мамандары жалғастыруда.

Оқу бағдарламасы 10 қыргүйекке дейін жалғасады. Оқуды сәтті аяқтаған қатысушылар халықаралық үлгідегі біліктілік сертификаттарын алады.

Қытай тарапы Астана қаласының климаттық және пайдалану жағдайларына бейімделген жаңа симуляциялық бағдарламаларды әзірледі. Тағылымдама арнайы оқу полигонында өтуде. Мұнда төтенше жағдайларға әрекет ету бойынша тәжірибе жинақтауға және машықтарды бекітуге ерекше көңіл бөлінеді. Қорытынды кезең – нақты жұмыс желілерінде тәжірибеден өту, көлік жүйесін сынақтан өткізуге қатысу және шынайы жағдайларға барынша жақын жағдайларда машықтану.

«Пойыз операторларын оқыту – Астанадағы LRT жүйесін іске қосуға жасалған маңызды қадам. Біз тек заманауи технологияларды енгізумен шектелмей, оларды кәсіби деңгейде басқара алатын мамандарды да дамытуды мақсат етеміз. Симуляторларда түрлі сценарийлерді пысықтау және заманауи жабдықтарды қолдану – болашақ операторларға қажетті дағдыларды толық меңгеруге мүмкіндік береді», – деді «City Transportation Systems» ЖШС басқарушы директоры Бауыржан Айтхожин.

Оқыту процесі LRT құрылысын жүзеге асыру жөніндегі келісімшарт аясында жүргізіледі. Оқу жұмыстарын мердігер ұйым – «China Railway Asia-Europe Construction Investment» компаниясы қамтамасыз етті.

Тізімге оралу

KZ  RU