13.08.2024

LRT құрылысы: Мәңгілік ел даңғылында қозғалыс жабылады

Құрметті елорда тұрғындары мен қонақтары!

LRT құрылысы бойынша жұмыстар жүргізу жоспарына сәйкес, Астана қаласы полиция департаментінің келісімі бойынша, 16 тамыздан сағат 00:00-ден бастап (15-нен 16-на қараған түні) 19 тамыз сағат 06:00-ге дейін, Мәңгілік ел даңғылы бойымен, Сығанақ көшесімен қиылысында, екі бағытта қозғалысты жабу жоспарлануда (сызбаға сәйкес).

Бұл ретте оңтүстік және солтүстік бағыттағы бұрылыс съездері ашық болады.

Қоғамдық көлік қозғалысы Түркістан және Ақмешіт көшелері арқылы жүзеге асырылады. Бағдарлардың қозғалыс сызбасы CTS сайтында және әлеуметтік желідегі парақшаларында жарияланады.

Қала тұрғындары мен автокөлік иелерін түсіністікпен қарауды және өз бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз.


Тізімге оралу

KZ  RU