11.07.2025

LRT құрылысы: уақытша қозғалыс шектеулері

Құрметті елорда тұрғындары мен қонақтары!
12 шілде күні сағ. 07:00-ден 14 шілде сағ. 07:00-ге дейін Қабанбай батыр даңғылымен қиылысатын жол айрығы аумағында, Оңтүстік айналма жолының екі бағытында да көлік қозғалысы толықтай шектеледі.

Бұл шектеу LRT құрылысы аясында уақытша металл тіреуді алып тастап, депоға апаратын көпірді сырлау және жол жабындысын қалпына келтіру жұмыстарына байланысты енгізіледі.

Көлік қозғалысы Аэропорт және Арнасай көшесі бағытындағы оң жақ ауыспа жолдар арқылы ұйымдастырылады.

Алдын ала жүретін бағытыңызды жоспарлауыңызды сұраймыз және уақытша қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз.

Түсіністік танытқандарыңызға рахмет!


Тізімге оралу

KZ  RU