Құрметті елорда тұрғындары мен қонақтары!
LRT құрылыс жұмыстарын жүргізу жоспарына сәйкес, Астана қаласы Полиция департаментінің келісімі бойынша, бірнеше жол учаскелерінде жол қозғалысы уақытша өзгертіледі: Сығанақ көшесі, Қабанбай батыр даңғылы, Мәңгілік Ел даңғылы.
- 22 наурыз сағат 00:00-ден 06:00-ге дейін – эстакаданың парапеттерін құю бойынша бетон жұмыстарын жүргізу үшін Мәңгілік Ел даңғылының Сығанақ көшесімен қиылысқан жол айырығында қозғалыс екі бағытта да толық жабылады;
- 24 наурыз күні сағат 06:00-ден 24.00-ге дейін – парапет қалыптарын демонтаждау үшін Мәңгілік Ел даңғылының Сығанақ көшесімен қиылысқан жол айрығында қозғалыс екі бағытта да толық жабылады;
- 25 наурыздан 25 сәуірге дейін – Сығанақ көшесі бойында Мәңгілік Ел даңғылымен қиылысында, Түркістан көшесіне қарай 113-станциясының қасбетінің құрылыс жұмыстарын орындау үшін екі жолақ ішінара тарылады және автожолдың бұрылыс бөлігінде екі бағытта шеткі сол жақ жолақтар жабылады;
- 23 наурыздан 23 тамызға дейін – Қабанбай батыр даңғылында «Астана Жұлдызы» стеласынан Хусейн бен Талал көшесіне қарай 105-станция қасбетінің құрылыс жұмыстарын орындау үшін автожолдың екі жолағы ішінара тарылады;
- 23 наурыздан 26 наурызға дейін – Қабанбай батыр даңғылында «Астана Жұлдызы» стеласынан Хусейн бен Талал көшесіне қарай 106-станция қасбетінің құрылыс жұмыстарын орындау үшін автожолдың екі жолағы ішінара тарылады;
- 23 наурыздан 23 тамызға дейін – Қабанбай батыр даңғылында Т. Рысқұлов көшесінен Н. Балғымбаев көшесі бағытында 107-станция қасбетінің құрылыс жұмыстарын орындау үшін автожолдың екі жолағы ішінара тарылады;
- 23 наурыздан 30 наурызға дейін – Қабанбай батыр даңғылында Ұлы дала даңғылынан Бұқар Жырау көшесі бағытында 108-станция қасбетінің құрылыс жұмыстарын орындау үшін автожолдың екі жолағы ішінара тарылады;
- 23 наурыздан 5 маусымға дейін – Қабанбай батыр даңғылы бойында Бұқар Жырау көшесінен Орынбор көшесіне дейінгі учаскесінде 109-станция қасбетінің құрылыс жұмыстарын орындау үшін автожолдың екі жолағы ішінара тарылады.
Елорда қонақтары мен тұрғындарынан қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауды сұраймыз, сондай-ақ уақытша қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз.