15.10.2025

LRT тағы екі жылжымалы құрамы Астанаға жеткізілді

Жеңіл рельсті көлік желісін (LRT) сынақтан өткізу бойынша жоспарлы іс-шаралар шеңберінде Астанаға келесі екі жылжымалы құрам жеткізілді.

17 және 18 қазанда құрамдар эстакадаға орнатылады:
- 17 қазанда бірінші құрам – Қабанбай батыр даңғылы «Астана жұлдызы» стелласы маңындағы №104 және №105 станциялар арасындағы аралықта;
- 18 қазанда екінші құрам – Ш. Қалдаяқов көшесі мен Тәуелсіздік даңғылының қиылысында, №113 (Министрліктер үйі) және №114 (Ұлттық музей) станциялар арасындағы аралықта.

18 қазан сағат 00:00-ден 19 қазан сағат 06.00-ге дейін мамандандырылған техниканы пайдалана отырып, көтеру-монтаждау жұмыстарын орындауға байланысты Ш. Қалдаяқов көшесі мен Тәуелсіздік даңғылы қиылыстарында автокөліктердің қозғалысы уақытша шектеледі.

Тұрғындар мен жол қозғалысына қатысушылардан уақытша шектеулерді ескеруді және сапарларды алдын ала жоспарлауды сұраймыз.


Тізімге оралу

KZ  RU