19.04.2025

LRT: жолдың уақытша жабылуы

Құрметті елорда тұрғындары мен қонақтары!

LRT құрылыс жұмыстарын жүргізу жоспарына сәйкес:

- 20 сәуір сағат 21.00-ден 25 қыркүйекке дейін 113 станцияда Министрліктер үйінен жерүсті жаяу жүргіншілер өткелінің құрылысына байланысты, Сығанақ көшесінен Мәңгілік Ел даңғылына (Достық көшесі бағытында) қарай, Арыс көпірінен қозғалатын көлік үшін оң жақты съездегі қозғалысты толық шектеу жоспарлануда.

- 22 сәуір сағат 22:00-ден бастап 20 қыркүйекке дейін Қабанбай батыр даңғылының «Астана Жұлдызы» стеласы жағынан Хусейн бен Талал көшесімен қиылысына жетпей 106-станция қасбетінің құрылыс жұмыстарын орындау үшін, автожолды үш жолақтан бір жолаққа дейін тарылту жолымен шектеу енгізіледі.

Елорда қонақтары мен тұрғындарынан қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауды сұраймыз, сондай-ақ уақытша қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз.


Тізімге оралу

KZ  RU