Астана қаласында жеңіл рельсті көлік жүйесін іске қосуға дайындық шеңберінде LRT кассирі лауазымына қабылдау жарияланады.
Біліктілік талаптары:
- жоғары немесе орта арнаулы білім (бухгалтерлік есеп, қаржы, экономика, гуманитарлық салалар);
- мамандығы бойынша жұмыс өтілі 2 жылдан кем емес;
- «1С: Бухгалтерия» жұмыс дағдылары;
- есептілікті құрастыру дағдылары;
- мемлекеттік және орыс тілдерін білу, ағылшын тілін білу құпталады.
Міндеттері:
- LRT пайдалану ережелерін, тарифтерді, жеңілдіктерді және жол жүру шарттарын түсіндіру;
- белгіленген тарифтерге сәйкес көлік карталарын сату және толықтыру;
- кассалық есептілікті жүргізу.
Біз ұсынамыз:
- Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес ресми жұмысқа орналастыру;
- ауысымдық жұмыс кестесі.
Түйіндемелер CTS ресми сайты арқылы қабылданады: hr@cts.gov.kz
Байланыс телефоны: +7 (7172) 577 177 (вн. 102, 207)