23.02.2026

LRT жүйесіне платформа бойынша кезекшілерге қабылдау ашылды

LRT жүйесіне платформа бойынша кезекшілерге қабылдау ашылды

Астана қаласында жеңіл рельсті көлік жүйесін іске қосуға дайындық шеңберінде платформа бойынша кезекші лауазымына қызметкерлерді қабылдау жарияланады.

Біліктілік талаптары:
- жоғары білім (мамандыққа қойылатын талаптар жоқ);
- арнайы орта білім. Көлік саласындағы жұмыс тәжірибесі кемінде 6 ай;
- мемлекеттік және орыс тілдерін білу, ағылшын тілін білу құпталады.

Міндеттері:
- жолаушыларға қызмет көрсетуді ұйымдастыру, жолаушыларға арналған жабдықтардың жұмысын бақылау;
- платформада жолаушылар ағынын реттеу және қоғамдық тәртіпті сақтау.

Біз ұсынамыз:
- Астана қаласында Жұмыс берушінің есебінен оқыту. Оқу мерзімі – 1 ай;
- Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес ресми жұмысқа орналастыру;
- оқу кезеңіне – бес күндік жұмыс аптасы;
- жұмысқа орналасқаннан кейін – ауысымдық жұмыс кестесі.

Түйіндемелер CTS ресми сайты арқылы қабылданады: hr@cts.gov.kz
Байланыс телефоны: +7 (7172) 577 177 (ішкі 102, 207)

Тізімге оралу

KZ  RU