LRT желісін сынақ пайдалану аясында мердігер ұйымдармен бірлесіп бүкіл эстакаданың жай-күйіне күнделікті мониторинг жасалады. Қажет болған жағдайда қар мен мұз сүңгілерін қолмен тазалау жұмыстары жүргізіледі.
Сынақтық пайдалану кезеңінде қар тазалайтын техниканы пайдалану уақытша шектелген. Сонымен қатар, нөсерлік кәріз жүйесі қосылу сатысында.
Сынақтық пайдалану аяқталып, желі толыққанды пайдалануға берілгеннен кейін жолдарды тазалау мамандандырылған техника және үрлеу әдісі арқылы жүзеге асырылады.
Уақытша қолайсыздықтар үшін тұрғындардан кешірім сұраймыз және түсіністік танытқандарыңызға алғыс білдіреміз.