LRT желісіндегі сынақ жұмыстарының аяқталуы және жоспарлы жұмыстарды жүргізу туралы
LRT желісінің жылжымалы құрамы мен негізгі жүйелерін тестілік сынақтан өткізу жұмыстары толық көлемде аяқталды.
Қазіргі уақытта желіде жоспарлы клинингтік және регламенттік жұмыстар жүргізілуде.
Осыған байланысты, 5 мамырға дейін барлық LRT пойыздарының қозғалысы уақытша тоқтатылды.
LRT нысандарында эстакадалық инфрақұрылымды тазалау, станса ғимараттарын тазалау, сондай-ақ жекелеген инженерлік жүйелерді одан әрі пайдалануға дайындау жұмыстары жүргізіледі.
Бұл жұмыстар LRT инфрақұрылымын дайындау аясында жоспарлы түрде жүзеге асырылады.