«Бәйтерек» станциясынан «Нұрлы жол» станциясына дейінгі (№112–№118) учаскелерде құрылыс, монтаждау және іске қосу-жөндеу жұмыстарын жоспарлы түрде жүргізу мақсатында арнайы тенттік конструкциялар орнатылды.
Жұмыстар ашық учаскелерде жүзеге асырылатындықтан, жұмыс аймақтарын қолайсыз ауа-райынан, оның ішінде жел мен төмен температурадан қорғау үшін станцияларға өтпелер мен түйісу аймақтары мамандандырылған өнеркәсіптік тент жүйелерімен уақытша жабылды. Оларды қолдану қажетті температуралық режимді сақтауға, сонымен қатар құрылымдарды қорғауды қамтамасыз етуге және қызметкерлердің жұмысына қолайлы жағдай жасайды.
Осы учаскелерде жер үсті жаяу жүргіншілер өткелдерінің құрылысы жүріп жатыр, кейіннен металл конструкцияларын монтаждау және шынылау жұмыстары орындалады. Сонымен қатар, лифт және эскалатор жабдықтарын орнатуға дайындық жұмыстары, шахталар мен машиналық жайларды орнату, баспалдақтар мен алаңдарды салу және басқа да құрылыс-монтаждау және инженерлік жұмыстары жүргізілуде.
Тенттік жабындарды пайдалану уақытша сипатқа ие және тиісті жұмыстар аяқталғаннан кейін алынып тасталады.
Қазіргі уақытта LRT желісінің бойында сынақтық пайдалану жұмыстары жалғасуда, сондай-ақ, станцияларда ішкі әрлеу, инженерлік жабдықтарды монтаждау және электр кабельдерін төсеу жұмыстары атқарылып жатыр.
Барлық жұмыстар бекітілген кестеге сәйкес орындалуда.
Фото CTS, В. Измаилов