22.04.2025

LRT: жол қозғалысы сызбасында өзгерістер

Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары!

Инженерлік желілерді қайта құру жұмыстары аяқталуына байланысты Ш. Қалдаяқов көшесінің, Тәуелсіздік даңғылынан Ж. Нәжімеденов көшесі бағытындағы қозғалыс қалпына келтірілді.

Сонымен қатар:
- 23 сәуірден 5 мамырға дейін нөсерлік кәріз жүйесін орнату жұмыстарына байланысты Ш. Қалдаяқов көшесіндегі «Монако» ТК жанынан бастап, Ж. Нәжімеденов көшесі жағынан Тәуелсіздік даңғылы бағытындағы қозғалыс шектелетін хабарлаймыз.

Елорда қонақтары мен тұрғындарынан жол жүру бағытын алдын ала жоспарлауды сұраймыз, сондай-ақ уақытша қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз.


Тізімге оралу

KZ  RU