10.10.2024

LRT: жол қозғалысының уақытша шектеулері

Құрметті елорда тұрғындары мен қонақтары!

LRT құрылысы бойынша жұмыстар жүргізу жоспарына сәйкес, Астана қаласы полиция департаментінің келісімі бойынша:
• 12 қазанда сағат 08:00-16:00 дейін және 13 қазанда сағат 08:00-12:00 дейін Сығанақ көшесінің оң жақ съезінде, Арыс көпірінен Мәңгілік ел даңғылына дейін (Достық көшесіне қарай), жолдың жоғарғы құрылысына негіздерді дайындау бойынша жұмыстарды орындау үшін, қозғалыс жабылады. Бұл ретте Сығанақ көшесіндегі қозғалыс екі бағытта ашық болады.
• 13 қазанда сағат 02:00-ден 09:00-ге дейін, құрама қорап арқалықтарға бетон құю жұмыстарын жүргізу үшін, Мәңгілік ел даңғылы бойымен, Сығанақ көшесімен қиылысында, екі бағытта қозғалысты жабу жоспарланды.

Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.


Тізімге оралу

KZ  RU