14.09.2024

LRT: жолдардың уақытша жабылуы

Құрметті Астана тұрғындары мен қонақтары!

15 қыркүйекте сағат 06:00-ден 20:00-ге дейін LRT жол өткелдеріндегі уақытша металл конструкцияларды демонтаждау жұмыстарына байланысты жолдарды жабу жоспарлануда:

- Хусейн бен Талал көшесі Қабанбай батыр даңғылынан Мәңгілік Ел даңғылына қарай 70 метрге;
- Жаңадария көшесі Қабанбай батыр даңғылынан Пригородный шағын ауданына қарай 70 метр.

LRT жол өткелдеріндегі уақытша метал конструкцияларын алуға байланысты №№ 43, 10, 12, 51 бағдарлардың қозғалыс сызбасы уақытша өзгереді.

Өзгерген қозғалыс сызбасымен суреттен қарап таныс бола аласыздар.

Сапарларыңызды алдын ала жоспарлауды сұраймыз және балама көшелерді пайдаланыңыз. Уақытша қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз.


Тізімге оралу

KZ  RU