Мәңгілік ел даңғылының бойында Ұлы дала даңғылынан Керей Жәнібек хандар көшесіне дейінгі бөліктегі екі бағытта Bus Lane іске қосу жоспарлануда. Шамамен шілде айының 10-ына қарай. Ол туралы қосымша хабарланады.
Қоғамдық көлік үшін бөлінген жолақты енгізуді әзірлеу кезінде жолдың жүктемесі және көше-жол желісінің техникалық мүмкіндігі ескерілді.
Қазіргі уақытта Мәңгілік ел даңғылы қаланың халық тығыз орналасқан ауданы. Бұл даңғылмен 20 бағдар жүреді. Қаланың басты даңғылының жолаушылар ағыны тәулігіне 88 мың адамды құрайды.
Бұл қаладағы 28-і Bus Lane жолағы болмақ. Қазіргі уақытта көрсетілген учаскеде жолақтарды сызу және жол белгілерін орнату жұмыстары жүргізіліп жатыр.