Елорданың құрметті тұрғындары мен қонақтары!
Астана қаласы полиция департаментінің келісімі бойынша LRT құрылысын магистральдардың жүріс бөлігіне іргелес учаскелерде жүргізу жоспарына сәйкес, Арыс көпірінен (М3) Тәуелсіздік даңғ. дейін жол қозғалысы өзгертіледі:
- 10 шілдеден 19 шілдеге дейін құрама арқалықтарды монтаждау, ригельдерді орнату және құрама болат қорап арқалықтарын орнату жұмыстарын орындау мақсатында Арыс көпірінен (М3) басталатын қозғалыс жолына ішінара шектеу енгізіледі. Арыс көпірінен (М3) Тәуелсіздік даңғылына дейінгі көлік қозғалысы Панфилов көшісіне бұрылу арқылы жүргізіледі.
Елорда қонақтары мен тұрғындарынан жол жүру бағытын алдын ала жоспарлауды сұраймыз, сондай-ақ уақытша қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз.