28.03.2024

Мектеп көлік картасымен 85 988 426 сапар жасалды

85 988 426 сапар. Бұл балалардың 4 жыл ішінде жасаған сапарлары. 2020 жылдың 28 наурызында Астана қаласы мен қала маңында тұратын 18 жасқа дейінгі жолаушылар үшін тегін жол жүру енгізілген еді.

Көп ұзамай мектеп оқушылары көктемгі демалыстан шығады және автобуста мектеп көлік картасын валидациялаудың маңыздылығын естеріңізге саламыз.

Автобуста картаны валидациялау:
- автобустар санын көбейтуге, маршруттарға бөлуге, жаңа бағдарларды іске қосуға, жолаушылар ағынын көруге септеседі;
- қажет болған жағдайда, баланың сапарларын қадағалауға көмектеседі. Әсіресе бұл баланың қауіпсіздігі үшін маңызды!

Құрметті ата-аналар! Сіздерден балалардың қоғамдық көлікпен жүрер алдында мектеп көлік картасының бар-жоғын қадағалауды сұраймыз.

Тізімге оралу

KZ  RU