10.09.2022

Мектеп көлік картасын алу туралы ақпарат

Мектеп көлік картасын алу туралы ақпарат

Құрметті ата-аналар!

Мектеп көлік картасын екі жолмен алуға болады. Р. Қошқарбаев даңғылы, 50/1 мекенжайындағы орталық кассадан немесе transcard.kz сайтында онлайн тапсырыс беру арқылы.

Кассадағы кезектерді болдырмау үшін сіздерге transcard.kz сайтта мектеп көлік картасын онлайн ресімдеуді пайдалануға кеңес береміз. Бұл ретте сіз ең жақын тастаматқа дейін жеткізуге тапсырыс бере аласыз.

Мектеп көлік картасын алу үшін міндетті түрде оқу орнынан анықтама қажет (мектеп, колледж). Сондай-ақ, ЖСН бар туу туралы куәлік (жеке куәлік) және 3х4 бір фото. Кассаға жүгінген жағдайда қосымша ата-анасының бірінің жеке куәлігі.

Оқушылар мектеп көлік картасын қайта алған жағдайда баланың туу туралы куәлігі, сондай-ақ ата-анасының біреуінің немесе заңды өкілдерінің жеке куәлігінің түпнұсқасы немесе төлқұжаты ғана керек. 16 жасқа толған оқушылар өз бетімен өтініш жасай алады. Қалаған жағдайда, фотосуретті өзгертуге болады.

Алайда, егер оқушының жасы 15-тен асқан болса, картаны қалпына келтіру үшін мектеп анықтамасы міндетті түрде қажет.

Маңызды! Кассаға жүгінген кезде картаны алу туралы өтінішті дәл деректерді көрсете отырып, өзіңіз толтыруыңыз керек.

Мектеп көлік картасын алғашқы алу құны 800 тг. Қайта шығару - 1500 теңге.

Еске сала кетейік, елордада қала және Нұр-Сұлтан қ. маңында тұратын 18 жасқа дейінгі оқушылар ғана қоғамдық көлікте тегін жүреді. Ол үшін мектеп көлік картасы болуы керек және оны автобус салонында валидациялау қажет.

Тізімге оралу

KZ  RU