CTS орталық кассасы мереке күндері, 29 және 30 тамызда жұмыс істейтін болады. Мұндай шешім ата-аналардың оқу жылы басталғанға дейін мектеп көлік картасын рәсімдеуі үшін қабылданды.
Еске сала кетейік, елордада қала және Нұр-Сұлтан қ. маңында тұратын 18 жасқа дейінгі оқу орындарының (мектеп, колледж, университет) оқушыларына ғана тегін жол жүру мүмкіндігі бар. Ол үшін мектеп көлік картасы болуы керек және оны автобус салонында валидациялау қажет.
Айта кетейік, 28 тамыз, жексенбі күні Орталық кассада демалыс күні.
Қалған күндері касса әдеттегі режимде жұмыс істейді.
Жұмыс уақыты: сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін, түскі үзіліссіз. Жексенбі - демалыс.
Орталық кассаның мекен-жайы: Р. Қошқарбаев даңғылы, 50/1.