20.02.2024

Мектеп көлік картасын валидациялау міндетті

Елордада қала және Астана қ. маңында тұратын оқу орындарының (мектеп, колледж, университет) 18 жасқа дейінгі оқушыларына тегін жол жүру мүмкіндігі бар. Ол үшін мектеп көлік картасы болуы керек және оны автобус салонында валидациялау қажет.

Алайда, жол жүру тегін екенін алға тартып, кейде оқушылар валидация жасамайды немесе мектеп картасынсыз сапарлар жасайды.

Айта кетейік, мектеп картасы болмаған жағдайда, жолақысы жалпы негіздерде төленеді.

Құрметті ата-аналар! Сіздерден балалардың қоғамдық көлікпен жүрер алдында мектеп көлік картасының бар-жоғын қадағалауды және көлік картасының валидациясы қаншалықты маңызды екенін түсіндіруді сұраймыз.

Автобуста картаны валидациялау:
- бізге белгілі бағдардағы нақты жолаушылар легін көруге, нәтижесінде сол бағыттағы автобус санын арттыруға ықпалын тигізеді;
- қажет болғанда баланың жүру бағытын көруге мүмкіндік береді. Ал бұл қауіпсіздік үшін әсіресе маңызды!

Тізімге оралу

KZ  RU