12.02.2020

Нұр-Сұлтан қаласы басшылығының халыққа есеп беру кездесулері аяқталды

Нұр-Сұлтан қаласы басшылығының халыққа есеп беру кездесулері аяқталды

Бүгін қорытынды кездесуді қала әкімі Алтай Көлгінов өткізді. Ол атқарылған жұмыстар туралы егжей-тегжейлі айтып берді.
"Астана LRT" компаниясының қызметкерлері де аудандар мен қала әкімінің есеп беру кездесулеріне белсенді қатысып, қала тұрғындарының көптеген өтінішін қабылдады.
Мұндай іс-шаралар қоғамдық көлікпен қатынайтын тұрғындармен бізге тікелей байланыс орнатып, арыз-тілектерін қабылдауға ерекше мүмкіндік береді. Оған қоса қызметкерлеріміз жыл бойына халықпен кездесулер өткізіп тұратынын атап өткіміз келеді. Біз мүмкіндігімізше халықты тыңдауға, туындаған мәселелерді шешуге және өтініштерді қанағаттандыруға тырысамыз.
Мәселен, өткен жылы халыққа есеп беру кездесулерінде 100-ден аса өтініш қаралған еді. Өткен жылдың ақпан айында көпшіліктің сұранысы бойынша модификацияланған № 5А бағдары қосылды. Осылай "Көктал-1" т/а мен №19 орта мектеп арасында тікелей көлік қатынасы қамтамасыз етілді. Ол бағдарды мектеп оқушыларының ата-аналары сұрады. Бұл жұмыс 2020 жылы жалғасын табады.
Биыл да тұрғындардың өтініштерін қанағаттандыру мақсатымен барлық сұраныстарды қарастырамыз.
Осылайша, есеп беру кездесулері аяқталғанға дейін кейбір мәселелер шешімін тапты.
• 10 ақпанда "Өндіріс" т/а тұрғындарының ыңғайлылығы үшін модификацияланған № 24А бағдары қосылды;
• "Социум" ТК тұрғындары үшін №11 бағдардың қозғалыс кестесі өзгертілді;
• Ақмола көшесіндегі "№ 5 отбасылық денсаулық орталығы" аялдамасы жайландырылды және басқа да мәселелер шешімін тапты.
Тұрғындардың басқа сұрақтары бойынша жұмыс жүріп жатқандығын және міндетті түрде қаралатынын хабарлаймыз.
Көлік саласын жақсарту үшін уақыт тауып, есеп беру кездесулеріне келген елордамыздың белсенді тұрғындардына алғыс білдіреміз


Тізімге оралу

KZ  RU