24.03.2024

"Наурыз" квест

Құрметті жолаушылар!

Біз сіздер үшін Наурыз мерекесіне орай ерекше тосын сый дайындадық! Назарларыңызға «Наурыз» квесін ұсынамын!

Мерекелік көңіл-күй сыйлау үшін қаладағы үш автобусты Наурыз стилінде сыртын безендіріп қойдық. Бұған қоса автобустардың салонында арнайы QR код орналастырдық. Оны сканерлеу арқылы қоғамдық көлікке қатысты өз тілектеріңізді жіберіп, сыйлық ұтып ала аласыздар.

Шарттары қарапайым:

1. Брендтелген автобусты табыңыз.
2. Салондағы «Наурыз» QR-кодын сканерлеңіз.
3. Қоғамдық көлік мамандарына өз тілегіңізді қалдырыңыз.
4. Брендтелген автобуспен пост жасап, cts_kz жазылып, белгілеңіз.
5. Аккаунт ашық болуы шар.

29 наурызда сағ. 15.30-да тікелей эфир арқылы ерекше тілек иелерін анықтаймыз. Авторлары Астана қ. қоғамдық көлігінде тегін жүру сапарларына ие болады.

Сәттілік тілейміз!

Тізімге оралу

KZ  RU