25.11.2022

Назар аударыңыз! Ауа райының нашарлауы

Ауа-райының нашарлауына байланысты (қар, көктайғақ, боран) көлік ағындары мен қоғамдық көліктің қозғалыс жылдамдығы төмендеді, автобус бағдарларының кешігуі орын алады.

Әсіресе қоғамдық көлік жолағы жоқ жүктелген учаскелер автобус аралықтарының бұзылуына бейім.

Елорда жолдарында коммуналдық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істейді.

CTS барлық жол қозғалысына қатысушыларды жолда мұқият болуға және бағдарларды алдын ала жоспарлауға шақырады. Барлық жүргізушілерді жолда мүмкіндігінше мұқият болуға, қауіпсіз қашықтықты сақтауға, жылдамдық режимін таңдауға, шұғыл тежеуді болдырмауға шақырамыз.

Біздің компанияның диспетчерлік қызметі қаладағы қоғамдық көліктің қозғалысын онлайн режимде бақылайтынын атап өту қажет. Қазіргі уақытта диспетчерлер автобустардың 40 минутқа дейін кешігуін есептеп отыр.

Тізімге оралу

KZ  RU