09.09.2022

Назар аударыңыз! Фейк!

Назар аударыңыз! Фейк!

Құрметті жолаушылар!
Мессенджерлерде елорда автобустарында QR-кодты сканерлеу арқылы жол жүру төлемі өшірілетіні туралы ақпарат таратылады.

CTS баспасөз қызметі бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын ресми түрде мәлімдейді. QR-кодты сканерлеу арқылы қоғамдық көлікте жол жүру төлемі штаттық режимде жұмыс істейді және оны өшіру қаралмайды.

Сізден тек ресми деректерге сенім артуды және жалған ақпарат таратпауды сұраймыз.

Естеріңізге сала кетейік, елордада жол ақысы қолма-қол ақшасыз төленеді: көліктік карта көмегімен немесе QR-код сканерлеу арқылы.

Тізімге оралу

KZ  RU