14.08.2023

Назар аударыңыз! LRT бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары

Құрметті елорда тұрғындары мен қонақтары!

Қазіргі уақытта әуежайдан Кабанбай батыр, Сығанақ, Қалдаяқов және А82 көшелері бойынша жаңа теміржол вокзалына дейінгі LRT желісінің барлық учаскелерінде эстакада мен станцияның темірбетон конструкцияларын орнату бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде.

Осыған байланысты Тәуелсіздік даңғылы мен Шәмші Қалдаяқов көшесінің қиылысында, сондай-ақ Сауран мен Сығанақ көшелерінің қиылысында уақытша конструкциялар салынып, жинау жұмыстары жүргізілуде. Бұл іс-шаралар жеке типтегі монолитті балкаларды орнату үшін жүргізіледі. Жоба бойынша осы балкалардың құрылысы қолданыстағы кең даңғылдарды қиып өтетін жерде қарастырылған.

Балкалар құйылып және оның беріктігі бойынша жұмыстар аяқталғаннан кейін уақытша конструкциялар алынады және жол қозғалысы даңғылдың бүкіл еніне қалпына келтіріледі.

Жұмыс биылғы жылдың 30 қарашасына дейін жүргізіледі.

Қала тұрғындары мен автокөлік иелерін түсіністікпен қарауды, өз бағдарларын алдын ала жоспарлауды сұраймыз.

Тізімге оралу

KZ  RU