Құрметті жолаушылар!
26 тамыздан бастап бірнеше қалалық бағдарлардың қозғалыс сызбасы өзгереді:
- №№24, 24Н, 31, 121 бағдарларының қозғалыс сызбасы Қордай көшесімен М. Шоқай көшесі бағытындағы «Кернай» ТК аялдамасына дейін ұзартылады;
- «Шұбар» ықшам ауданы мен № 66 мектеп арасындағы көліктік байланысты қамтамасыз ету мақсатында, № 121 бағдарының қозғалыс сызбасы «Министрліктер үйі» аялдамасы арқылы өзгереді;
- №41 бағдардың қозғалыс сызбасы «Промышленный» ТА дейін ұзартылады;
- № 28 бағдары № 52 мектеп бағытында Айнакөл көшесіне кіріп жүретін болады.