Құрметті елорда тұрғындары мен қонақтары!
11 тамызда сағат 8:00-ден 14:00-ге дейін LRT металл конструкцияларын бөлшектеу бойынша жұмыстарды орындауға байланысты, Керей Жәнібек хандар көшесінің Қабанбай батыр даңғылынан Сауран көшесіне дейінгі аралығында қозғалысқа толық шектеу енгізіледі.
Елорда қонақтары мен тұрғындарынан сапарларды алдын ала жоспарлауды және Алматы мен Орынбор балама көшелерін пайдалануды сұраймыз.
Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және түсіністік танытқандарыңызға алғыс білдіреміз.