Бүгін біз қоғамдық көлікке жол беру неліктен маңызды екенін айтамыз.
Автобус - бұл үлкен көлемді көлік құралы, ол қозғалыс трафигінде маневр жасау қиын.
Жол қозғалысының басқа қатысушылары қоғамдық көлікті өткізіп жібермейтін және жолды кесу кездері жиі болады. Мұндай жағдайларда автобус жүргізушісі ауыр зардаптардың алдын алу үшін (ЖКО-ға түсу) жедел тежеуді қолдануы керек. Нәтижесінде, бұл автобус салонындағы жолаушылардың құлап кетуіне және әртүрлі ауыр жарақаттар алуына әкеледі.
Естеріңізге сала кетейік, ҚР ЖҚЕ 18.3-тармағына сәйкес елді мекендерде жүргізушілер белгіленген маршрутпен жүріп келе жатқан, белгіленген аялдамалардан жүруді бастайтын автобустардың жүргізушілеріне жол береді. Автобустардың жүргізушілері оларға жол берілгендігіне көз жеткізгеннен кейін ғана жүруді бастайды.
Құрметті жүргізушілер! Сізден жол қозғалысы ережелерін мүлтіксіз сақтауды және жолдарда қоғамдық көлікті өткізуді сұраймыз. Өздеріңіз білетіндей, бір автобуста 70-80 жолаушылар жүре алады, жеңіл көлікте - 1-2.