Басқа жолаушы үшін төлем жасау үшін 2505 қысқа нөміріне SMS жіберу керек. Мәтінде көлік кодын және «+» қою қажет.
⠀
Мысалы: 11001 +
⠀
Төлем жасай алмасаңыз, қандай себептер болу мүмкін?
⠀
Экстра-теңгерім өтелмеген;
Нөмір сатып алынғаннан теңгерім толықтырылмаған;
500 тг. бастапқы теңгерім таусылмаған.
Төлем жасалғанға дейін 24 сағат бұрын сим-карта ауыстырылған.
⠀
Маңызды!
⠀
Корпоративтік нөмірмен жол ақысын телефон теңгерімі арқылы төлеу мүмкіндігі қарастырылмаған.