Көлік картасын валидаторға қосыңыз және жарық индикаторлары жанғанша ұстаңыз.
Жасыл индикатор: төлем қабылданды. Дисплей экранында тариф, қалған сапарлар саны, валидация күні мен уақыты көрсетіледі.
Қызыл индикатор: төлем қабылданбады. Дисплей экранында валидация өтпеген себебі ақпарат көрсетіледі:
● Жол ақысын төлеу үшін көлік картасында теңгерім жоқ;
● Карта бұғатталған.
SMS-хабарламамен төлеу үшін мәтінде өзіңіз бара жатқан автобустың дұрыс кодын теріп, 2505 нөміріне жөнелту қажет (егер төлемді қала маңындағы бағыттарда жасау қажет болса, онда автобус кодынан кейін аймақтарды көрсету қажет, мысалы 11500 11).
/ Бұл алгоритмді шатастырмау маңызды, алдымен көлік коды көрсетіледі, содан кейін аймақ нөмірінің бос орны арқылы, керісінше емес/.
SMS арқылы төлеу үшін барлық байланыс операторлары қолжетімді.
Сондай-ақ жол ақысын QR-код немесе қосымшаларда көлік кодын енгізу арқылы төлеуге болады:
▪️SMSBUS;
▪️Homebank;
▪️Kaspi.kz;
▪️SENIM;
▪️My Beeline;
▪️Рахмет;
▪️My Activ;
▪️Astrabus;
▪️Plus24;
▪️OYBY.