Достар, бүгін біз сізге қоғамдық көліктегі жеке мүліктің қауіпсіздік ережелері туралы айтып береміз.
Ең алдымен, әмиянды, ұялы телефонды және басқа да құнды заттарды джинсы немесе шалбардың артқы қалтасына ешқашан салмаңыз.
Біреулердің бүйір жақтан тым қатты жабыспауын байқап отырыңыз. Қалта ұрысы Сіздің қалтаңызды немесе сөмкеңізді зерттеп жатуы мүмкін.
Қалталарыңыз бен сөмкеңізді тексеріп, жауып қойыңыз.
Егер Сізде рюкзак болса – оны арқаңыздан алып, алдыңызда ұстаңыз. Дәл осы ереже сөмкелерге де қатысты: оларды жабылатын жағын өзіңізге қаратып қолдарыңызда ұстаңыз.
Әмияндарды, ақшаны және басқа да құнды заттарды ішкі қалталарда ұстауға кеңес береміз.
Өзіңізбен бірге алып жүрген ақша немесе құндылықтар туралы таныстарыңызбен немесе телефон арқылы сөйлеспеңіз – бұл тек ұрылардың назарын аудартады.
Егер Сізді қоғамдық көлікте біреу тонап кетсе, бұл туралы дереу жүргізушіге хабарлап, 102 нөмірі арқылы полицияға қоңырау шалыңыз.
Сақ болыңыз және қарапайым ережелерді сақтаңыз. Сіздің қауіпсіздігіңіз өз қолыңызда.