14.11.2023

Қоғамдық көліктің дамуы туралы

Елордада қоғамдық көлікті дамыту бойынша үлкен жұмыстар жүргізіліп жатыр. Автопарктер жаңа автобустар сатып алуда, CTS қызметкерлері жаңа бағыттарды пысықтауда. Қоғамдық көліктің жұмысын жақсарту мәселелері бойынша тұрғындармен 80-нен астам кездесу өтті. 26 бағдардың қозғалыс сызбасы оңтайландырылып, халыққа ыңғайлы болу үшін алты №№27, 49, 57, 66, 328, 329 жаңа бағдар іске қосылды. Желіге 190 жаңа автобус жіберілді. 35 бағдарда кестелер саны көбейтіліп, 86 автобус қосылды. Жазғы уақытта ғана жүретін №59 саяжай бағдары енді жыл бойы жүретін болып өзгертілді.

Төлем жүйесін оффлайн режимнен онлайнға ауыстыру жұмыстары қатар жүргізіліп жатыр. Төлемнің түскенін бір тәулік күтіп, оны белсендіруді күтпей, көлік картасын лезде толтырып, бірден пайдалана алатын мүмкіндік болады. Сондай-ақ, жолақысын төлеудің басқа да ыңғайлы тәсілдері қосылады. Бұдан басқа, атаулы емес көлік карталарының қолданылу мерзімі 5 жылдан 10 жылға дейін ұзартылды.

Қоғамдық көлікті жақсарту жұмыстары жалғасуда. Жыл соңына дейін жолаушыларымызды басқа да жаңалықтармен қуантуға асықпыз.

Тізімге оралу

KZ  RU