Көлік бақылау департаментінің қызметкерлері Астана қаласының ӘПБ және ПД қызметкерлерімен бірлесіп, елордада тасымалдаушылар тарапынан Жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларының сақталуын бақылау мақсатында соңғы аялдамаларға тексеру жүргізді.
Мониторинг барысында келесі мәселелерге ерекше назар аударылды:
* жол қағазының және жүргізушілердің рейс алдындағы медициналық тексеруден өткен парақтарының болуы;
* пандустардың барына және жарамдылығына, сондай-ақ мүгедектер арбасына арналған арнайы орындардың болуына;
* автобустардың санитарлық-техникалық жағдайына;
* өрт сөндіргіштер мен дәрі қобдишасының болуы тексерілді.
Барлығы 48 автобус тексеріліп, оның 8-інде бұзушылықтар анықталды. Атап айтқанда: санитарлық жағдайдың талапқа сай болмауы, жылыту жүйесінің жұмыс істемеуі, сондай-ақ медициналық дәрі қобдишасының қажетті дәрілік заттармен толық жабдықталмауы.