25.04.2024

Онлайн режимде адамды іздеу

Қазіргі онлайн режимде жұмыс істейтін жаңа электрондық төлем жүйесі жоғалған адамдарды, балаларды және құқық қорғау органдарының іздеуіндегілерді жедел іздестіру сапасын едәуір арттыруға мүмкіндік берді.

Жаңа жүйе нақты уақытта белгілі бағдардағы жол жүру ақысын төлеу кезіндегі валидациясы бойынша, көлік картасының нөмірі немесе телефон нөмірі арқылы (QR код арқылы төлеген кезде) адамның жеке басын анықтауға көмектеседі.

Алдыңғы офлайн режимде жұмыс істейтін электронды төлем жүйесінде жол ақысын төлеу валидациясы туралы деректер бір тәуліктен кейін ғана келіп түсетін, бұл жедел іздеуді қиындататын.

Статистикаға сәйкес, құқық қорғау органдарынан аптасына 3-5 өтініш түсетін болса, айына орта есеппен 15-тен 20 адамға дейін іздеуге мүмкіндік береді, жылына адамдардың оң іздеуі орта есеппен 200 адамға жетуі мүмкін.

Тізімге оралу

KZ  RU